Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 19.04.2024, 09:00
- 19.04.2024, 17:00
БӘЙКЕН НҰРЛАН 19.04.2024, 16:35, Сұрақ нөмірі: 12882
Зейнеткерлікке жасы келегеннен кейін, мемлекеттік қызметте қосымша қанша жұмыс жасауға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 19.April.2024, 16:36
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 61-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығымен, олардың Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі мемлекеттік қызметті тоқтату үшін негіздердің бірі болып табылады. Қызметші зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мемлекеттік қызметте бір жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеуге құқылы.