Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 24.04.2024, 10:00
- 24.04.2024, 15:00
Сиргебаев Саулет 24.04.2024, 11:21, Сұрақ нөмірі: 12893
Өзім бала күтімі бойынша декретте отырмын және үйде мүгедек баламыз бар. Жолдасым мүгедек баланы күтім жасау бойынша, өзім бала кұтімі бойынша деп көрсету қаншалықты орынды?
Жетісу облысы 24.April.2024, 11:25
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 122 бабының 4-тармағына сәйкес үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін. Яғни, бала күтімімен отырған адам мүгедектігі бар адамға да қарап, екінші еңбекке қабілетті отбасы мүшесі жұмыс жасау қажет.