«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 24.04.2024, 10:00
- 24.04.2024, 13:00
Ермекова Женисай 24.04.2024, Сұрақ нөмірі: 12896
Саламатсызба, маған осыдан екі ай бұрын тәртіптік жаза қолданылған. Наурыз айындағы мейрамдарға орай тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.April.2024, 15:41
Сәлеметсіз бе! Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал жұмыскер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алынуы мүмкiн. Тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді. Егер тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.