«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 24.04.2024, 10:00
- 24.04.2024, 17:00
Орданбай Нарқыз 24.04.2024, 15:20, Сұрақ нөмірі: 12899
Су үнемдеу технологияларын пайдалану кезінде мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?
Қызылорда облысы 24.April.2024, 15:38
Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Инвестициялық субсидиялау бағдарламасының № 11 жоба паспортына сәйкес «Су алу және жеткізу инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу» жобалары субсидияланады. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жаңбырлатып және тамшылатып суару жобаларын жүзеге асыру кезінде кеткен шығындардың 50% субсидиялауға жатады. Жобаның құны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жаңбырлатып және тамшылатып суару жобаларын жүзеге асыру кезінде кеткен шығындардың өтеу үлесін 80%-ға көтеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте, субсидиялаудың 50% республикалық бюджеттен, 30% жергілікті бюджеттен субсидияланатын болады.