«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»

«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.04.2024, 10:00
  • 24.04.2024, 17:00

Қаралпақ Ақерке 24.04.2024, 15:37, Сұрақ нөмірі: 12900

  • 0

Елбасының қолдауымен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген шағын несиелер беріледі деп естіп келеміз. Осы бағдарлама бойынша бағыттарға шектеу қойылған ба және барлық ауыл тұрғындары қатыса алады ма?

Қызылорда облысы 24.April.2024, 15:51

Қайырлы күн! Жалпы «Ауыл аманаты» жобасы өңірімізде 2023 жылдан бастау алды. Өткен жылы 3,0 млрд. теңгеге 406 жоба қаржыландырылды. Устіміздегі жылы 4,6 млрд. теңге бөлініп, 575 жобаны іске асыру арқылы 1050 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Бағдарламаға бизнес ашамын деген барлық ауылдық елді мекен мен шағын қалалардың тұрғындары қатыса алады. Несие кез келген бағытта ашылатын кәсіпке беріледі. Негізгі 5 бағыты белгіленіп, басымдық өңдеу, кооперативтерді дамыту және азық - түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге және басқа да бағыттағы бизнеске берілетін болады. Микрокредиттің жылдық пайызы 2,5 пайызды құрайды және жеңілдік кезеңі қарастырылған. Микрокредиттер жеке кәсіпкер үшін - 9,2 млн.теңге, ауыл шаруашылығы кооперативі үшін - 29,5 млн.теңге, 5 жылдан 7 жылға дейін мерзімге беріледі.