«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы»

«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы қолдау шараларының қолжетімділігі туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 24.04.2024, 10:00
  • 24.04.2024, 17:00

Мәстетбаева Ақмарал 24.04.2024, 16:17, Сұрақ нөмірі: 12902

  • 0

Облыс бойынша мал шаруашылығы саласына қандай мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде?

Қызылорда облысы 24.April.2024, 16:31

Сәлеметсіз бе! Жалпы мал шаруашылығы саласын дамытуға жыл сайын 4,0 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп келеді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға келесі бағыттар бойынша нормативтер қарастырылған. Атап айтқанда: 1) отандық асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ малын сатып алғаны үшін әр басына 150 мың теңге, сүт бағытындағы МІҚ сатып алғаны үшін әр басына 200 мың теңге, шетелден асыл тұқымды ет бағытындағы МІҚ сатып алғаны үшін әр басына 225 мың теңге; 4) асыл тұқымды жылқы айғырын және түйе бурасын сатып алғаны үшін әр басына 100 мың теңге; 5) асыл тұқымды қой малын сатып алғаны үшін әр басына 15,0 мың теңге; 6) МІҚ аналығына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізгені үшін асыл тұқымды аналықтың әр басына 15 мың теңгеден және тауарлы аналық мал басына 10 мың теңге; 7) қой аналығына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізгені үшін асыл тұқымды аналықтың әр басына 4,0 мың теңгеден және тауарлы аналық мал басына 2,5 мың теңге; 8) мал шаруашылығы өнімдері бойынша өндірілген сүтке 45 теңге, өткізілген бұқашықтың тірілей салмағының әр килограмына 200 теңге, өткізілген қозының әр басына 3,0 мың теңге, бие сүті өндірісіне әр литріне 60 теңге, түйе сүті өндірісіне әр литріне 55 теңге көлемінде субсидия төленуде.