Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, өңірлік резервті қалыптастыру мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 02.05.2024, 10:00
- 02.05.2024, 17:00
Төремұратқызы Жұлдыз 02.05.2024, 11:49, Сұрақ нөмірі: 12906
Cәлеметсіз бе, онлайн конкурстың мәтіндік және сандық тапсырмалардан өту бойынша шекті мәні қанша?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.05.2024
Қайырлы күн! Сұрағыңызғы рақмет. Мәтіндік тапсырмалар мен сандық тапсырмалардан өтудің шекті мәні сұрақтардың жалпы санынан (50 сұрақ) кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды. Әрбір дұрыс жауапқа 0,1 балл беріледі (барлық 50 сұраққа дұрыс жауап берілсе 5 балл беріледі).