«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 16.05.2024, 11:00
- 16.05.2024, 17:00
Набиева Шынара 16.05.2024, 15:29, Сұрақ нөмірі: 12914
ЖОО-н 2021 жылы үздік дипломмен бітірдім.Конкурстан тыс орналасуға бола ма? Еңбек өтілім жоқ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.May.2024, 16:20
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекттік қызметі туралы» заңының 15 бабының 6 тармағында: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргне кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатындығы көрсетілген. Демек, жоғары оқу орнының түлегі ретінде талаптарға сай келген жағдайда мемлекеттік қызметке конкурстан тыс қабылдау ЖОО-н аяқтағаннан кейін бір жылдан кеш қалдырмай жүзеге асырылатындығын түсіндіреміз.