«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 16.05.2024, 11:00
- 16.05.2024, 17:00
Әлменов Әлібек 16.05.2024, 15:46, Сұрақ нөмірі: 12915
Мемлекеттік қызметшіге костюммен жүру міндетті ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.May.2024, 16:19
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде (ҚР Президентінің 29.12.2015жылғы №153 Жарлығымен бекітілген) Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарының бірі ретінде мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуы тиісті екендігі көрсетілгендігін түсіндіреміз.