Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 17.05.2024, 17:00
- 17.05.2024, 18:30
Каримова Сымбат 17.05.2024, 17:11, Сұрақ нөмірі: 12916
Саламатсыздар ма?! Автомобиль саласында рұқсат беру карточкалары қандай түрлері бар, соны айтып жібересіздерма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.May.2024, 18:07
Сәлеметсіз бе? Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 Бұйрығымен бектілген "Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат беру карточкасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 6-тармағына сәйкес, рұқсат беру карточкасы мынадай түрлерге бөлінеді: 1) шетелдік рұқсатты қолдана отырып, рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсатты қолдана отырып, жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді; 2) шетелдік рұқсатты қолданбай рұқсат беру карточкасы – шетелдік рұқсаттарды қолдану талап етілмейтін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында автокөлік құралын КДАТЖ -да есепке алуға және пайдалануға рұқсат береді.