Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 17.05.2024, 17:00
- 17.05.2024, 18:30
Мырзакулов Нурланбек 17.05.2024, 17:18, Сұрақ нөмірі: 12917
Қайырлы күн, ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсаттар Заңға сәйкес қанша күнде беріледі???
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.May.2024, 18:10
Қайырлы күн, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген "Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасының 4-қосымшасының 3-тармағына сәйкес: 1) Арнайы рұқсат беру – құжаттарды қарастыру нәтижелері туралы хабарламаны беру: тасымалдау маршрутын келісу қажет болған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күні тасымалдау маршрутын келісу қажет болмаған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні; автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлiк құралдарының жүрiп өтуіне арнайы рұқсат (бұдан әрі - арнайы рұқсат) (бес жұмыс күні ішінде алымды төлегенін растайтын құжатты көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәттен бастап) не бас тарту туралы дәлелдi жауап - 1 (бір) жұмыс күні; 2) Бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру- 1 (бір) жұмыс күні; 3) Арнайы рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту - 1 (бір) жұмыс күні.