Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 17.05.2024, 17:00
- 17.05.2024, 18:30
Болганбаева Кульжан 17.05.2024, 17:37, Сұрақ нөмірі: 12918
Сәлеметсіздер ме. Жақын арада Трактор сатып алған едім, соған мемлекеттік нөмір алу үшін қайда барамын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.May.2024, 18:15
Сәлеметсізбе? Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасының 2-қосымшасының 1-тармағына сәйкес, тракторға мемлекеттік нөмірлік белгіні алу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына Портал арқылы немесе қызмет берушінің кеңсесіне жүгінсеңіз болады