«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингі бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 21.05.2024, 10:00
- 21.05.2024, 16:00
Матаева Айгерим 21.05.2024, 10:14, Сұрақ нөмірі: 12921
Саламатсыз ба, қаңдай іс-әрекеттер жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу болып табылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.May.2024, 16:12
Сәлеметсіз бе! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингті жүзеге асырады, оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша тексеру жүргізеді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторингті уәкілетті органның лауазымды адамдары мемлекеттік органдарға бармай, сондай-ақ мемлекеттік органға бару арқылы жүзеге асырады.