«Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингі бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 21.05.2024, 10:00
- 21.05.2024, 16:00
КЕНЕС МӘУЛЕН 21.05.2024, 15:38, Сұрақ нөмірі: 12924
Саламатсыз ба, жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторингке тек Департаменттің қызметкерлері ғана қатыса ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.May.2024, 16:15
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №121 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес, қажет болған жағдайда мемлекеттік органға бару арқылы жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер мен қоғам өкілдері тартылуы мүмкін.