«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.05.2024, 10:00
- 23.05.2024, 17:00
Кәкімжанов Ердәулет 23.05.2024, 10:28, Сұрақ нөмірі: 12927
Балық шаруашылығы саласына қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге қандай мемлекеттік қолдау шаралары ұйымдастырылады?
Қызылорда облысы 23.May.2024, 15:06
Балық шаруашылығын субсидиялау негізгі 2 бағытта жүргізіледі. Олар, Акваөсіру және инвестициялық салымдарды субсидиялауға арналған. Акваөсіру бағыты бойынша балық азығын сатып алудың 30 пайызын өтеу және биологиялық негіздемені әзірлеу, балық өсіру материалын сатып алу (дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары), дәрілік препараттарды сатып алу, аналық-толықтыру үйірін сатып алудың 50 пайызын өтеу қарастырылған. Бұдан бөлек, балық өсіруші субъектісінің инвестициялық салымдар кезінде шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидияланады. Акваөсіру және Инвестициялық субсидия алуға арналған өтінімдер «kezekte.kz» субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.