«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»

«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.05.2024, 10:00
  • 23.05.2024, 17:00

Косжанова Алма 23.05.2024, 10:55, Сұрақ нөмірі: 12929

  • 0

2024 жылғы 7 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының «Инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу» жөніндегі тапсырмасы аясында Қызылорда облысында қандай жұмыстар жүруде?

Қызылорда облысы 23.May.2024, 11:25

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! Мемлекет Басшысының «Инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу» тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысында 2024-2026 жылдары жалпы құны 41,4 млрд.теңгені құрайтын 8 жобаны іске жоспарлануда. Аталған жобалар аясында өңірдің барлық аудандары мен облыс орталығы Қызылорда қаласы толық қамтылады. Бүгінгі таңда инвесторлар анықталды. Қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласындағы бұл жобалар «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы іске асырылады. Бұдан бөлек, облыста жаңадан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынатын болады. Облыстық бюджеттен 475,5 млн.теңге қаржы бөлінді (Сырдария ауданындағы сұрыптау кешені мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны). Жобалар толық жүзеге асқан жағдайда 500-ге жуық тұрақты жұмыс орындары ашылады, жылына 400 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыптау және қайта өңдеуден өтеді. Нәтижесімен құрылысқа қажетті брусчатка, кәріз люктері, қағаз, пластик және шыны өнімдері шығарылатын болады. Барлық жобалар облыс әкімдігімен толық сүйемелдеуге алынып, тиісті жұмыстар жүруде.