«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі»
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – аймақтың тұрақты дамуының негізгі бөлігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.05.2024, 10:00
- 23.05.2024, 17:00
ЕРІБАЙ ТОҒЖАН 23.05.2024, 11:50, Сұрақ нөмірі: 12931
Ағаш кесу және орман билетін қалай алуға болады?
Қызылорда облысы 23.May.2024, 11:58
Басқармаға қарасты аудандық Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2024 жыл басынан бері 353 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу билеті 341, орман билеті 12 ). Мемлекеттік қызметтер электронды үкіметтік портал (www.elicense.kz, www.egov.kz) арқылы алынады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындалады. (Анықтама ретінде: Ағаш кесу билетi орман пайдаланушы мен орман иеленушіге сүрек, кесілген ағаш қалдықтарын , шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және кеспеағаш аймағынан ағаштар беретiн құжат болып табылады. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiлігi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады).