Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.05.2024, 10:00
  • 23.05.2024, 17:00

Жаманова Арман 23.05.2024, Сұрақ нөмірі: 12932

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен 5 жыл бір мемлекеттік органда қызмет атқарамын. Енді осы мемлекеттік орган ішінде конкурссыз жоғары лауазымға тағайындала аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.May.2024, 14:48

Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға және 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органның ішінде «Б» корпусы қызметшісінің қызметін бағалау нәтижесінің мәні қатарынан төрт тоқсан бойы «функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» болған кезде келесі жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін.