«Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері туралы»
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М. Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 4
- 27.05.2024, 15:00
- 27.05.2024, 17:00
Айтуарова Айгуль 27.05.2024, 16:02, Сұрақ нөмірі: 12936
Салеметсіздер ме, маған келесі сұраққа жауап беруді сұраймын. Қазіргі уақытта менін атам Түркия елінде ем алып жатыр. Өкінішке орай, больницада жүргенде паспортын жоғалтып алыпты. Біз 1414 ке сокканда құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу мемлекеттік қызметке өтінім түсіріп, Түркияда жүріп паспорт алуға болады деп айтты. Қанша күн күтуміз керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.May.2024, 16:07
Қайырлы күн. Сауалыңызға рақмет. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу» мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығымен бекітілген Қағидасы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі-Қағида). Қағидамен бекітілген Стандарттың 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 90 күн болып табылады.