Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.05.2024, 10:00
  • 29.05.2024, 15:00

Бектенова Сымбат 29.05.2024, 10:33, Сұрақ нөмірі: 12938

  • 0

Дипломмен ауылға жобасы бойынша қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі? Әлеуметтік қолдау шаралары қандай мамандықтар тізбесіне беріледі?

Жетісу облысы 29.May.2024, 10:41

Дипломмен ауылға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша екі түрлі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі: 1) Бір реттік көтерме жәрдемақы – 100 айлық есептік көрсеткішке тең (2024 жылы – 369 200 теңге); 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: - ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада; - басқа ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі бойынша ұсынылады.