Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 29.05.2024, 10:00
  • 29.05.2024, 15:00

Бердалы Даулетбек 29.05.2024, 11:27, Сұрақ нөмірі: 12939

  • 0

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін қандай құжаттарды тапсыру қажет?

Жетісу облысы 29.May.2024, 11:51

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мынадай құжаттарды ұсынады: l) көтерме жәрдемақы алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; 2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); Кредиттік бюродан есеп; 3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi; неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); Кредиттік бюродан есеп. Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға бір мезгілде өтініш беруге жол беріледі.