Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.05.2024, 10:00
- 29.05.2024, 15:00
Әбітай Әлібек 29.05.2024, Сұрақ нөмірі: 12940
Дипломмен ауылға жобасының талаптары қандай?
Жетісу облысы 29.05.2024
Он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі; Алушы өзiне әлеуметтiк қолдау шараларын алу кезінде ауылдық елдi мекенiнде орналасқан ұйымында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттемелер қабылдайды; Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.