«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу»
«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 31.05.2024, 15:00
- 31.05.2024, 17:00
Крым Фариза 31.05.2024, 15:28, Сұрақ нөмірі: 12943
Қайырлы күн!
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орынын бітірген GPA 3,33-тен жоғары студенттер қандай мерзім ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.May.2024, 15:39
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды бітірген түлектерге GPA 3.33 немесе одан да жоғары болған жағдайда, диплом алған күннен бастап бір жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады