«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу»
«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 31.05.2024, 15:00
- 31.05.2024, 17:00
Ищанова Альфия 31.05.2024, 15:34, Сұрақ нөмірі: 12944
Саламатсызба!
Бүгінгі күні жас мамандарға мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалуға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.May.2024, 15:40
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. ҚР «Мемлкеттік қызмет туралы» заңының 15-бабының 6)-тармағына сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымдарына конкурстан тыс орналасуға мүмкіндіктер қарастырылғанын назарыңызға ұсынамын.