«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу»
«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды іріктеу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 31.05.2024, 15:00
- 31.05.2024, 17:00
Лекерова Светлана 31.05.2024, 15:51, Сұрақ нөмірі: 12945
Сәлеметсіз бе?
Мен Махамбет ауданының тұрғынмын, тұрғылықты жерім бойынша ауданда мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрғым келеді, ол үшін қандай тест тапсыруым керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.May.2024, 15:55
Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін алғыс білдіреміз. Аудандық деңгейде мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу үшін сізге, Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тесттен өту қажет. Үшінші бағдарлама келесіні қамтиды: 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ), 2."Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" (15 сұрақ), 3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), 4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ) 6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы (15 сұрақ) 7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (10 сұрақ) бiлуге арналған тест тапсыру керек. Тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрауы қажет. Келесі кезең, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу өту қажет. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% төмен болмауы тиіс. Тестілеу қорытындыларына сәйкес тиісті балдарды жинап тесттен өткен жағдайда конкурсқа қатысуға мүмкіндігіңіз болады.