«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту»
Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.06.2024, 10:00
- 05.06.2024, 17:00
Жонелбаева Нагима 05.06.2024, 15:20, Сұрақ нөмірі: 12946
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы туралы естігенім бар. Сол пилотқа қандай мемлекеттік органдар кіретіндігін білсем болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.June.2024, 15:27
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес, Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Тізбесі бекітіліп, оған келесі мемлекеттік органдар енді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі; Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі; Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі; Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі; Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі; Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі; Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары; Ақмола облысының жергілікті өкілді органдары; Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы; Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдары; Шымкент қаласының жергілікті өкілді органы; Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы; Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары; Астана қаласының жергілікті өкілді органы; Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы; Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары; Қарағанды облысының жергілікті өкілді органдары; Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы; Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары; Павлодар облысының жергілікті өкілді органдары; Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы.