«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту»
Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.06.2024, 10:00
- 05.06.2024, 17:00
Досжанов Айбек 05.06.2024, 15:47, Сұрақ нөмірі: 12947
Сәлеметсіз бе! Биыл жоғары оқу орнын үздік аяқтадым. Мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындала аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.June.2024, 15:55
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына 2022 жылдың 30 желтоқсан күні енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Ол үшін: біріншіден, Жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы қажет; екіншіден, GPA көрсеткіші белгілеген мәннен, яғни GPA 3,33-тен төмен болмауы қажет.