«Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту»
Мемлекеттік қызметке жас таланттарды тарту бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 05.06.2024, 10:00
- 05.06.2024, 17:00
Құспанов Қанат 05.06.2024, 16:28, Сұрақ нөмірі: 12948
Саламатсыз ба! Мен жоғары оқу орнын 2023 жылы аяқтадым. Әзірге жұмыссызбын. Конкурссыз бір жыл ішінде мемлекеттік қызметке тағайындау туралы естігенім бар. Мен қатыса аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.June.2024, 16:32
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына 2022 жылдың 30 желтоқсан күні енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жоғары оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде облыстардағы аудан, ауыл деңгейіндегі төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз орналасуға мүмкіндіктері бар. Сіздің Жоғары оқу орнын аяқтау мерзімі 1 жылдан асып кетуіне байланысты конкурссыз бір жыл ішінде мемлекеттік қызметке тағайындалу мүмкін емес. Алайда, «Б» корпусының бос лауазымдарына арналған конкурстарға жалпы негізде қатысу мүмкіндігіңіз бар.