Жетісу облысы қаржы басқармасы

Аукционды өткізу кезіндегі сауда-саттық әдістеріне қысқаша шолу

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 07.06.2024, 10:00
  • 07.06.2024, 15:00

Дармишев Дидар 07.06.2024, 10:41, Сұрақ нөмірі: 12949

  • 0

Объектіні жекешелендіру туралы шешімді кім қабылдайды?

Жетісу облысы 07.June.2024, 10:51

Объектіні жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қабылдайды, олар күнтізбелік он күн ішінде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 1 тарауының 3 тармақшасы).