«Мәдениет саласы бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»

«Мәдениет саласы бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 14.06.2024, 10:00
  • 14.06.2024, 17:00

Әубакір Жұмабай 14.06.2024, Сұрақ нөмірі: 12989

  • 0

Қайырлы күн! Өткен жылы облыс тарихынан сыр шертетін алтын адамдар реконструкциясы музей қорына толықтырылғанын жақсы білеміз. Осы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады ма?

Қызылорда облысы 14.06.2024

Cәлеметсіз бе! Сұрағыңыз орынды. Руханият жылында облыста ауқымды халықаралық, республикалық шаралармен қатар, музей, кітапхана қорларын толықтыру жұмыстары жалғасуда. Археологиялық жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы ғалымдардың ғылыми негіздемелеріне сүйене отырып, облыстың визиткартасына айналған «Шірік-рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы» реконструкциялары жасалып, Астана қаласында өткен ««Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»» атты көрмесінде өзінің оң бағасын алды. Биыл Руханият жылы аясында Арал маңы сақтарының ерте кезеңіне жататын «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» реконструкцияларын жасап, музей экспозициясына қайталанбас тарихи жәдігерлермен толықтыратын боламыз.