«Мәдениет саласы бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»

«Мәдениет саласы бойынша 5 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 14.06.2024, 10:00
  • 14.06.2024, 17:00

Токтасынова Айганым 14.06.2024, 15:08, Сұрақ нөмірі: 12991

  • 0

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы! Өзіңіздің бастамаңызбен аймағымызда биыл Руханият жылы жарияланды. Осы жылы мәдениет пен өнер саласы бойынша тың жобалардың жүзеге асырылып, бірқатар әдебиет, өнер өкілдерінің марапат биігінен көрініп жатқанынан хабардармыз. Білгім келгені 7 ауданда салынатын Руханият орталықтарында қандай мекемелер орналасады?

Қызылорда облысы 14.June.2024, 15:33

Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, құндылықтарды дәріптеу мақсатында биылғы жыл аймағымызда «Руханият жылы» деп жарияланып, наурыз айынан бастау алды. Мерейлі жылға тарту ретінде 1000 орындық «Өнер орталығы» салтанатты түрде ашылып, халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының шешімімен Сыр өңіріне түркі дүниесінің «Ең үздік мәдени аймағы» номинациясы берілді. Жыраулық дәстүрді одан әрі жандандыру, насихаттау мақсатында Жыраулар үйі ашылды. Биыл мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған арнайы «Тұран» сыйлығы екінші мәрте табысталды. «Руханият жылы» шеңберінде облыстағы 171 мәдениет үйлері мен клубтар «Адал адам» тұжырымдамасы жүзеге асырылып, елді мекендердегі мәдениет ошақтарының жұмысы қайта жандануда. Аймағымыздың 7 ауданында салынатын типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарына аудандардағы музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары орналасатын болады. Бұл – әр түрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелерді бір орталыққа оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеу, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін тың жоба. Сонымен қоса, орталықта ардагерлер, жастар бас қосып, түрлі шараларға қатысуға, облысқа келген туристер бір жерден қажетті ақпараттар алуға үлкен мүмкіндер алаңы болады.