Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы және тәртіптік жаза қолдану барысындағы құқықтары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы және тәртіптік жаза қолдану барысындағы құқықтары бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 28.06.2024, 15:00
  • 28.06.2024, 18:00

Акжол Сандуғаш 28.06.2024, 16:35, Сұрақ нөмірі: 13005

  • 0

Сәлеметсізбе! Мен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшімін. Маған арнайы тексеруді жүргізу кезінде тәртіптік жаза қолдана аладыма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.June.2024, 16:39

Сәлеметсіз, сұрағыңызға рақмет. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес, 2. Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Парламентінің Платалары тағайындайтын не сайлайтын саяси қызметшілерді қоспағанда, осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кіретін азаматтар арнаулы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады. Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады. Бұл ретте, Сіз арнайы тексеру нәтижелері алынған күнге дейінгі мерзімде мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы жүктеледі. Осыған орай, Сіздің тәртіптік жауапкершілігіңіз Заңның 44-бабына сәйкес, реттеледі.