Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы және тәртіптік жаза қолдану барысындағы құқықтары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тартылған уақытындағы және тәртіптік жаза қолдану барысындағы құқықтары бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 28.06.2024, 15:00
  • 28.06.2024, 18:00

Ербаев Айдар 28.06.2024, 16:37, Сұрақ нөмірі: 13006

  • 0

Саламатсызба! Маған тәртіптік жаза қолданды, қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын қанша уақытта алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.June.2024, 16:41

Сәлеметсіз, Сіздің сұрағыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 85-тармағына сәйкес, тәртіптік жазаны мерзiмiнен бұрын алу үшiн жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшiнiң тiкелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді. Егер, тікелей басшы уәкілетті адам болып табылса, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді. Бұдан бөлек, Қағиданың 18-тармағына сәйкес, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды: 1) оны қолданған лауазымды адам немесе жоғары тұрған лауазымды адам жүргізеді; 2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды. Бұл ретте, Қағиданың 81-тармағына сәйкес, егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде жаңа тәртіптік жазаға ұшырамаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.