Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қанша сумен жабдықтау нысандары іске асырылуда
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 4
- 10.07.2024, 10:00
- 10.07.2024, 15:00
Оранхан Сымбат 10.07.2024, Сұрақ нөмірі: 13008
Талдықорған қаласының Жастар 1/1 шағын ауданының тұрғыны осы шағын ауданды сумен жабдықтау және су бұру туралы сұрақ қойғым келеді, сумен жабдықтау және кәріз желілері қашан жүргізіледі?
Жетісу облысы 10.07.2024
Ағымдағы жылы Талдықорған қаласының «Жастар 1/1 ЖТҚ сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу» жобасы іске асырылуда. Құрылыс жұмыстарының құны 368,6 млн. теңге. (РБ -349.6 млн. теңге, ЖБ -19.0 млн. теңге). Мердігер «Қазақстан Электрокешені» ЖШС-гі, Тапсырыс беруші «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-сі. Құрылыстың басталу мерзімі 2024 жылдың 10 шілдесі, аяқталу мерзімі 2024 жылдың 30 қарашасы. Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы: 9,8 км.