Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Қанша сумен жабдықтау нысандары іске асырылуда
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 4
- 10.07.2024, 10:00
- 10.07.2024, 15:00
Дауренбек Ақбота 10.07.2024, Сұрақ нөмірі: 13010
Алакөл ауданы Бибақан ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі қашан салынады?
Жетісу облысы 10.07.2024
Бүгінгі таңда «Алакөл-Асыл Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы Алакөл ауданы Бибақан ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауда. Жұмыстар 2023 жылы басталды. Ағымдағы жылы нысанды аяқтауға жергілікті бюджеттен 23,3 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Нысан 100% аяқталды, ескертулер жойылуда. Барлық ескертулер жойылғаннан кейін нвсан пайдалануға беріледі. Ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Тапсырыс беруші «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі.