«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»
«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 10.07.2024, 09:00
- 10.07.2024, 18:00
Накишбекова Курманкул 10.07.2024, 16:00, Сұрақ нөмірі: 13011
Сәлеметсіздер ме
Басқа өңірлерде мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет атаулы күндерге бір жолғы әлеуметтік көмектер беріледі. Қызылорда облысында мұндай көмек түрлері бар ма?
Қызылорда облысы 10.July.2024, 16:21
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! 2024 жылы облыс бойынша мүгедектігі бар адамдарға мерекелік датаға орай әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде барлығы 362,6 млн. теңге бір реттік әлеуметтік көмек беру жоспарлануда. Бұл әлеуметтік төлемді жүзеге асыру алдағы уақытта бюджеттің мүмкіндігіне қарай қарастырылатын болады. Анықтама: Республика бойынша Астана, Шымкент қалалары, Абай, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Маңғыстау, Жетісу облыстары мүгедектігі бар адамдарға мерекелік даталарға 5 АЕК тен 50000 теңгеге дейін бір реттік әлеуметтік көмек төлеп отыр. ҚР Әлеуметтік кодексінің 170-бабының 3 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдары тарапынан мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары берілуі мүмкін.