«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 10.07.2024, 09:00
  • 10.07.2024, 18:00

Беркинбаев Ердос 10.07.2024, 16:22, Сұрақ нөмірі: 13012

  • 0

Облыста кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға бейімделген қанша инватакси автокөлігі қызмет көрсетеді?

Қызылорда облысы 10.July.2024, 16:28

Сәлеметсіз бе. Облыста инватакси қызметін 40 автокөлік жүзеге асырады (аудандарда - 23, Байқоңыр қаласында - 3, Қызылорда қаласында – 14). Оның ішінде 11 автокөлік кресло-арбамен жүретін мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген. Аталған 40 автокөліктің қызметін қамтамасыз етуге 2024 жылға бюджеттен барлығы 124,3 млн. теңге бөлінді. 2024 жылы «Халық банк» акционерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына кресло-арбамен жүретін мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23,0 млн. теңге тұратын барлығы 46,0 млн. теңгеге арнайы 2 - инватакси көлігі сыйға тартылып, пайдалануға берілді.