Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 10.07.2024, 15:00
- 10.07.2024, 18:00
Ыдырысқызы Гаухар 10.07.2024, 16:46, Сұрақ нөмірі: 13013
Сәлеметсіздерме, жоғарғы оқу орнын 2016 және 2018 жылдары оқуын үздік бітірген түлектер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана аладыма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.July.2024, 16:52
Сәлеметсізбе, Сіздің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдану туралы сұрағыңызға сәйкес келесіні хабарлайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 6-тармағына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA-3.33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға орналаса алады. Анықтама үшін: «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады. Айта кету қажет, Заңның осы нормасы 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген. Осы орайда, Заңның жоғарыда көрсетілген талабына сәйкес, жоғарғы оқуды аяқтаған уақытыңыз бір жылдық мерзімнен өтіп кетуіне байланысты, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналасуыңызға мүмкіндігіңіз жоқ екендігін хабарлаймыз.