Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 12.07.2024, 10:00
- 12.07.2024
Мырзалиев Бакыт 12.07.2024, 11:23, Сұрақ нөмірі: 13015
Қайырлы күн! Тәртіптік теріс қылықтар қандай түрлерге бөлінеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.July.2024, 11:50
Қайырлы күн! Құрметті Бақыт Мырзалиев! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтар: 1) елеусіз; 2) елеулі; 3) өрескел болып бөлінеді.