Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 12.07.2024, 10:00
- 12.07.2024
Кубеева Акнур 12.07.2024, 11:34, Сұрақ нөмірі: 13017
Саламатсызба! Қайырлы күн! Елеусіз теріс қылық дегеніміз не?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.July.2024, 11:52
Саламатсызба! Құрметті Ақнұр Кубеева! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 27-тармағының 2-бөлігіне сәйкес тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады.