«Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы»
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 12.07.2024, 10:00
- 12.07.2024, 17:00
Жақыпова Ажар 12.07.2024, 15:42, Сұрақ нөмірі: 13021
Сәлеметсіз бе! "Е - қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы сертификаттың мерзімі қай уақытқа дейін жарамды?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.July.2024, 15:44
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімді құрайды.