Жетысу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы» көрсетілетін қызметке қысқаша шолу

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 22.07.2024, 10:00
  • 22.07.2024, 15:00

Рымжанова Ақмарал 22.07.2024, 10:48, Сұрақ нөмірі: 13030

  • 0

Біздің ауылға бір 30-40 адамға шағын мешіт керек еді. Бұрынғы магазиннің ғимаратын иесі мешітке арнап беріп отыр. Енді соған рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

Жетісу облысы 22.July.2024, 11:24

«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес келесі құжаттар қажет. 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған өтініш; 2) тіркелген діни бірлестіктің (ғибадат үйінің) және ол тиесілі діни бірлестіктің атауы, қайта бейіндеу мақсаты, осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж шіркеушілердің саны, ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген) басшысы қол қойған еркін нысандағы үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеу туралы анықтама-негіздеменің электрондық көшірмесі; 3) үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге меншік иесінің келісімі туралы хаттың электрондық көшірмесі (жалға алынған үй-жай жағдайында ұсынылады); 4) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғимаратты (құрылысты) қайта бейіндеу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат ғимаратына немесе ғимаратына (егер шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) бейінделетін ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағымен шектесетін тұрғын үйлер болған кезде ұсынылады) қайта бейіндеуге келісу туралы шешімінің электрондық көшірмесі.