Жамбыл облысы бойынша жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелер
Жамбыл облысы көлемінде жастар саясаты саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын айқындау
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 15.07.2024, 10:00
- 10.08.2024, 17:00
Әбдіқұл Берік 30.07.2024, 16:40, Сұрақ нөмірі: 13045
1.Талас ауданындағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ - сін жеке ғимаратпен қамтамасыз ету қалай шешілмек ? Аудандағы бос тұрған Авангард кино залын Жастар орталығы айналдыруға септігін тигізсеңіздер, Жастар саны көп жиналатын кең ғимаратты қажет етеді. 2. Жамбыл облысы бойынша Жастар ресурстық орталықтар жалға алып жүрген жеке ғимараттар саны қанша ? Жастар ресурстық орталықтарын бір стандартқа келтіруге болмай ма ? Бюджеттен қанша млн тг ғимарат жалға алу үшін кетіп жатыр ? 3. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етілу қалай жүргізіліп жатыр ? 4. Жамбыл облысында Жастар мәселесі бойынша қанша ҮЕҰ (НПО) жұмыс жасайды ? Қандай жұмыстар атқарылды ? Қандай бағытта ?
Жамбыл облысы 15.August.2024, 16:19
Құрметті Берік Әбдіқұл! Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының хабарлауынша бүгінгі таңда Талас аудандық «Жастар ресурстық орталығына» жеке ғимарат беру мәселесі өз шешімін тапқан. Атап айтқанда Қаратау қаласы, Шахтёр көшесі, №22 мекен-жайда орналасқан аумағы 1200 м2 құрайтын қонақ үйі «Жастар ресурстық орталығының» баланысына берілді. Қазіргі уақытта ғимараттың жобалық сметалық құнын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде өңірде 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталығы» қызмет етеді. Қазіргі уақытта тек Байзақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» жеке кәсіпкердің ғимаратын жалға алып, жұмыс жасауда. Тиісті жұмыстар жүргізіліп, бұл мәселе алдағы уақытта өз шешімін табады деп күтілуде. 2023 жылы «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында жалпы 2 млрд. теңге қаражат бөлініп (1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен, 1 млрд. теңге «Отбасы банк» АҚ тарапынан), 144 азамат баспаналы болды. Ал, 2024 жылы жобамен 2 млрд. теңгеге (1 млрд. теңге жергілікті бюджеттен, 1 млрд. теңге «Отбасы банк» АҚ тарапынан) 140-тан астам жасты баспанамен қамтуды жоспарлануда. Биылғы жылы «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл облысында жастар мәселесі бойынша 30-ға жуық ҮЕҰ жұмыс жасауда. Жастармен бірлесе облыста «Әділдік жолы» РҚБ, «Сеніммен болашақ» РҚБ, «Жаса жастар» ҚБ, «Жайдарлы» Жастар КВН лигасы» ҚБ, «Үздіктер таңдауы» БҚ, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ, «Таластың сөнбес сәулесі» ЖҚБ және ҚР Ұлттық пікірсайыс федерациясының Жамбыл облыстық филиалы жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2 жоба үкіметтік емес ұйымдар тарапынан іске асырылуда. Олар: 1. «Жыр жауһары» атты облыстық поэтикалық дуэль ұйымдастыру жобасы; 2. «Жастар арасында ұлттық ойындарды насихаттауға бағытталған республикалық «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық жобасын ұйымдастыру» жобасы. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жұмысының негізгі бағыттарының бірі - үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу. Қазіргі таңда үкіметтік емес жастар ұйымдарымен басқарма арасында тығыз қарым қатынас орнаған. Бүгінде басқарманың ұйымдастыруымен өткізілетін бюджет қаражатын талап етпейтін, жоспардан тыс іс-шараларға үкіметтік емес жастар ұйымдары белсене ат салысуда. Алдағы уақытта да үкіметтік емес жастар ұйымдарымен жұмыс тұрақты жүзеге асырылатын болады.