Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы
Еңбек қатынасы саласы бойынша көрсетілетін қызметтерге қысқаша шолу
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 07.08.2024, 10:00
- 07.08.2024, 15:00
ИСКАКОВА ЖАНАР 07.08.2024, 11:01, Сұрақ нөмірі: 13049
Менің қызмет атқарған жерімде менімен еш бір іс-құжат рәсімдемеді. бұл жағдайда жұмыс берушінің жауапкершілігі қандай?
Жетісу облысы 07.August.2024, 11:04
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 86 бабына сәйкес, жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі – лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.