Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы
Еңбек қатынасы саласы бойынша көрсетілетін қызметтерге қысқаша шолу
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 07.08.2024, 10:00
- 07.08.2024, 15:00
ШАЙМОРДАНОВА БАЛАЙЫМ 07.08.2024, 11:44, Сұрақ нөмірі: 13051
Менін жұбайым жұмыс уақытында ауыр жарақат алып, еңбекке жарамсыз болып қалды, бұл жағдайда не істеуге болады?
Жетісу облысы 07.August.2024, 11:48
Бұл жағдайда біріншіден сіздердің өтініш негізінде жұмыс берушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 96 бабына сәйкес, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны жасыру фактісі үшін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұдан бөлек, ұйғарым беріліп жазатайым оқиғаны тергеп тексеру жұмыстары жүргізіледі.