Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың қатысуымен шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша интернет – конференциясы

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің бизнес климатты жақсарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министірдің № 59-р 2008 жылғы 11 наурызынан Қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органдарымен 2008 жылғы 25 наурыз бен 16 мамыр аралығында http://www.e.gov.kz порталында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіледі.

  • Сұрақтар: 764
  • Жауаптар: 763
  • 20.03.2008
  • 25.03.2008
  • Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

Семей 28.03.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Жүргізушілерді даярлауға арналған лицензияны алу үшін қандай құжаттар тапсыру керек?

Администратор 27.07.2008

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңының 27-бабына сәйкес барлық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызмет лицензиялауға жатады. Лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетіне келесі құжаттарды тапсырады: өтініш; заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; оқу ұйымы сапалық талаптарға сәйкес келген жағдайда акт толтырылып, ІІД Жол полициясы басқармасының бастығымен бекітіледі. Осы акт жүргізушілер даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін лицензия берудің бірден бір негізі болып табылады.