Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру

Мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың құқығын қалпына келтіру

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 16.08.2024, 10:00
  • 16.08.2024, 17:00

Боранбай Ермұрат 16.08.2024, Сұрақ нөмірі: 13060

  • 0

Сәлеметсіз бе! Менің келесі сұрағым бар. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін. Мен Отан алдындағы борышымды өтеуге ниеттімін, бұл орайда жұмыс орным сақталады ма, әлде маған жұмыстан кетуім керекпа?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.08.2024

Сәлеметсіз бе! Cұрағыңызға рақмет. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талабына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады. Сол себепті, Отан алдындағы борышыңызды өтеуге ешқандай кедергі жоқ.