«Облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы»
«Облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 21.08.2024, 09:00
- 21.08.2024, 18:00
Жармаханов Абилтай 21.08.2024, Сұрақ нөмірі: 13064
Облыстың инвестициялық ахуалы қандай, басқа өнірлерге қарағанда алдыңғы қатарда деп бұқаралық ақпарат құралдарынан естиміз.
Қызылорда облысы 21.08.2024
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту болып табылады. Сонғы 2,5 жыл ішінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 1.1 трлн құрады (2022ж - 413.2 млрд тенге, 2023- 486.5 млрд тенге, 2024 ж 7 ай- 296,1 млрд.тенге). Атап өту қажет, өңірге бекітілген индикатор соңғы екі жыл қатарынан артығымен орындалып келуде. 2022 жылы облысқа 373,5 млрд. теңге инвестиция тарту индикаторы бекітілген болса, атқарылған жұмыстар нәтижесінде жоспар 10,6%-ға артығымен орындалып, 413,2 млрд.теңге инвестиция тартылды. Ал, 2023 жылы 424,2 млрд.теңге индикаторы бекітіліп, жоспар 14,6%-ға артығымен орындалды, яғни 486,5 млрд.теңге инвестиция тартылды. Көрсеткіштің өсу қарқыны және жоспарлы көрсеткіштің орындалуы бойынша облыс өңірлер арасында І орында. Биыл өңірге 517,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Ағымдағы жылдың 7 айында өңірге 296,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,3 млрд. теңгеге немесе 57,2 %-ға жоғары (7 ай 2023 ж. – 201 млрд. теңге).