«Облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы»

«Облыстағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы» тақырыбында өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 21.08.2024, 09:00
  • 21.08.2024, 18:00

Байменов Нұрсұлтан 21.08.2024, 15:56, Сұрақ нөмірі: 13066

  • 0

Өңірде қандай ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр?

Қызылорда облысы 21.August.2024, 16:18

Облыста алдағы бесжылдықта Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулы аясында 46 инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған. Биыл құны 31,3 млрд.теңгені құрайтын 14 жобаның іске қосылуы көзделуде. Бүгінге оның 3-уі іске қосылды:«Zhankent Agro» серіктестігінің күріш ақтау зауыты, «Орда Гласс ЛТД» серіктестігінің шыны зауыты ішінен қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін шыны өндіру цехы, «Абдуллаев Аманкелді» ЖШС 400 орындық мектеп-интернаты. Сондай-ақ, құны 20 млрд. теңгені құрайтын ірі инвестициялық жоба - «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының барлық жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, құны 1,5 млрд. теңге құрайтын алғашқы айна шығару зауытының құрылысы басталады. Шыны зауытының өнімін пайдаланып, екі қабатты терезе мен әйнек шығаратын «Комфорт-1 KZ» серіктестігі «Шыңдалған шыны өндірісін кеңейтуді және автомобиль шынысын шығаруды жоспарлауда (құны 2,5 млрд.теңге, қуаттылығы жылына 360 мың шаршы метр). «Seven Rivers Technologies» серіктестігі Герман технологиясымен шыны бөтелке шығаратын зауыттың жобалау жұмыстарын жүргузуде. Өңірге инвестиция тарту және қолдау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасып, өз деңгейінде жүргізілетін болады.