«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және оны бақылау бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 29.08.2024, 10:00
- 29.08.2024, 17:00
Дадабаева Жанат 29.08.2024, 11:31, Сұрақ нөмірі: 13068
Сәлеметсіздер ме! Жалпы азаматтар мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда және құқықтары бұзылған жағдайда қалай және қайда шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.August.2024, 11:58
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органы болып табылады. Құқығыңыз бұзылған жағдайда «Е-Өтініш» біріңғай платформасы, Департаменттің тікелей өзіне келу арқылы, 8 (72 62) 43-88-08, 43-88-49 сенім телефондары арқылы біздің Департаментке шағымдансаңыз болады.